Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен тұрғыны 274 миллион теңгені заңдастырды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2016
  • 1450

Өскемен қаласының тұрғыны 734 мың АҚШ валютасын заңдастырды. Бұл 274 миллион теңгені құраған. Ақша тұрғынның банктегі шотына түсті. Қалталы азаматтың есімі заң аясында құпия сақталмақ. Мемлекеттік кіріс басқармасының өкілі хабарлағандай, заңдастырудың жаңа шарттары өңір тұрғындарының дүние-мүлкі мен қаражатын көлеңкеден шығаруға септесіп отыр. Осылайша отандастарымыз еліміздегі және Түркия мемлекетіндегі баспаналарын, жер телімдерін заңдастырыпты.

Тимур Смағұлов, Өскемен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

Әрине, Өскемен үшін бұл қомақты сомма. Әсіресе азаматтың жеке тұлға екенін ескерсек. Биыл заңға өзгерістер енгізілген соң, легализация процесі мен қаржыны заңдастыру айтарлықтай жеңілдетіліп отыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА