Русский Сайттың толық нұсқасы

Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алған қарағандылық оқушы «альцгеймер» ауруын зерттемекші

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2016
  • 1835

Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алған қарағандылық оқушы «альцгеймер» ауруын зерттемекші. Әлемге әйгілі Дьюк университеті Дарья Андрейченконың 4 жылдық оқуына 300 мыңға жуық АҚШ ақшасымен бірге, арнайы зерттеу жұмыстары үшін тағы 7 мың  доллар бөлмек.

11 сынып оқушысы - Дьюк университетінің грантын ұтып алған алғашқы қазақстандық. Дарья Андрейченко ол үшін 2 жыл тынбай еңбектенгенін айтады. Ағылшын тілі, математика, биология пәндерінен бірнеше қиын сынақтардан өткен. Нәтижесінде грантпен бірге, стипендия мен ғылыми зерттеуге де қаржы алатын болды. Аттестатын қолына алысымен, АҚШ-қа аттанады. Болашақ студент нейроғылым саласын зерттеуді армандайды. «Альцгеймер», яғни ұмытшақтық ауруын емдейтін ерекше дәрілер ойлап тапқысы келеді.

Дарья Андрейченко, Қарағанды қаласы №38 гимназия оқушысы:

Қазір миға байланысты аурулар көп. Миллиондаған адамдар альцгеймерден зардап шегуде. Сондықтан оны зерттеу болашақ үшін өте маңызды. Қазақстанға келіп, осы салада еңбек етіп, өз үлесімді қосқым келеді. 

Айжан ҚУАШ