Жер және оның қойнауы, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Талай жылдан бері, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен жер телімдер біртіндеп жергілікті халықтың игілігіне берілуде. «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы 140 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Комиссия жұмысына қоғам оң бағасын беруде. Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігіне айналып кеткен жер мәселесін ауыл азаматтарына қайтару қоғам алдындағы жауапкершілік дейді сарапшылар.
Данияр ӘШІМБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
«AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы жер мәселесін заңнамалық деңгейде шешуде. Осылайша жыр болған жайылым мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып жатыр. Бұл - ең алдымен, төрт түлік баққандар үшін үлкен қолдау. Ауылдың көсегесін көгертем дегендерге мүмкіндік.
А. Шамшидин