«НАТО-ның Балтық елдері мен Польшаға қойған 4 әскери батальонына қатысты Ресейдің алаңдауы негізсіз». Солтүстік-атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг осындай пікірде. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды.
Айта өтейік, бүгін Варшавада НАТО саммиті жұмысын бастады. Йенс Столтенберг ұйым Ресеймен қарым-қатынасты бұзғысы келмейтінін бірнеше қайтара айтты. Еске салсақ, маусым айында НАТО ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері Латвия, Литва, Эстония мен Польшада әскери батальондарды орналастыруға келіскен. Алайда Ресей бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Ресми Мәскеу бұл қадам Еуропа континентінде суық соғыстың бастауына себеп болады деген мәлімдеме жасады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА