Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында алматылық қариялар медициналық тексеруден өтті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2022
  • 2762

«AMANAT» партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында  алматылық  қариялар медициналық тексеруден өтті.   Бұл іске қалалық №27 емхана қызметкерлері атсалысты.  Қарт кісілер  үйден шықпай-ақ, дәрігерлерге қаралып, кеңес алды. Солардың бірі - 67 жастағы Күлзия Кекебаева. Айтуынша, оны қан  тамыр жүйесі және көз ауруы мазалайды.

Күлзия КЕКЕБАЕВА, АРДАГЕР:

«AMANAT» партиясы мен №27 поликлиника медсестралары, дәрігерлері келіп бізге, маған көмек жасап жатыр. Ем жасап жатыр. Қуаныштымын, рақмет айтамын көптен-көп! Алғысым шексіз осылай ардагерлерді сыйлап, құрметтеп кеп жатқанына!

М. Жақан