2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшының қайта тапсырған А допинг-сынамасы оң нәтиже берді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Енді Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі «В» сынамасын тексеру процесін жүргізеді. Бұл шара 18-26 шілдеде Швейцарияның Лозанна қаласында қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді. Қосымша тексеру нәтижелері белгілі болмайынша, әңгіменің нақты қай спортшылар жайында екендігі жарияланбай отыр.