Елдегі террорлық қауіптіліктің «сары» деңгейі 30 күнге ұзартылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Антитеррор орталығы хабарлады. Онда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы шешімді президенттің жарлығына сай қабылдағаны айтылған. Бірақ құзырлы орган мұның немен байланысты екенін нақтыламады. Қауіптіліктің «сары» деңгейі кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Тұрғындарға сезікті адамдар мен күдікті заттарға назар аударып, сақтық шараларын қолға алу қажеттілігі ескертіледі.
Еске салайық, Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіден соң қалада қауіптіліктің «қызыл» деңгейі, ал ел аумағында 40 күндік террорлық қауіптің «сары» деңгейі жарияланған болатын.