Конституциялық Сотта өтініштерді қарау рәсімі жалпы соттардағы тәртіптен өзгеше болады

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1433

Облыс пен аудан әкімдері келесі жылдан бастап халық өзі сайлайды. Бұл туралы Мәжілістегі жаңа заң жобаларының таныстырылымында белгілі болды. Сонымен қатар Конституциялық Сот туралы Заң жобасы да қаралды. Президент Жолдауынан кейін Парламенттегілер заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Толығырақ әріптесім, Ақбота Базарбай тарқатады.

Ауыл тұрғындарының қазірдің өзінде ауыл әкімін таңдауға мүмкіндігі бар. Келер жылы дауыс беру құқығы кеңейіп, ауыл тұрғындары аудан әкімін де  дауыс беру арқылы өздері таңдай алады. Бұл идеяны іске асыру мақсатында сайлау 2023 жылы пилоттық режимде өтпек. Осындай мүмкіндік облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындарында да пайда болады.

Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Іс жүзінде көріп отырғанымыздай, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Конституцияның тікелей қолданылуын ескере отырып, қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының мәслихаттарды қарау үшін баламалы негізде кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жаңартылған құжаттардың ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен "прокуратура туралы" заң бар. Сонымен қатар, Әділет министрлігі "Конституциялық Сот туралы" заң жобасын ұсынды. Конституциялық Сотта өтініштерді қарау рәсімі жалпы соттардағы іс жүргізу тәртібінен ерекше болады. Қазақстандықтар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау үшін оған тікелей жүгіне алады.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Ол тек қана жоғарғы дәрежедегі орын. Оған кез-келген адам өзінің құқықтарының конституция тұрғысынан  бұзылған бұзылмағанын анықтап беретін және кез-келген дәрежедегі шешімін, пәрменін, күшін қайтаратын өкілеттілігі болады. Менің ойымша осы кезге дейінгі кейбір үлкен істер қайта қаралып жатыр, ал кейбіреулерін осы конституциялық сот дәрежесінде қайта қайтаруға болатын шығар.

Бұдан бөлек, саяси партияларды тіркеу рәсімдері жеңілдейді. Осы орайда саяси партияларды тіркеудің межесіне өзгерістер енгізілмек. саяси ұйым мүшесі 20 мыңнан 5 мыңға қысқармақ. Өзгерістер  барлығы  44 заңнамалық  актіге, оның ішінде 15 кодекске енгізілмек.

А. Базарбай