Алматыда композитор Е. Шәкеевтің баласы іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2016

Алматыда үш тәуліктен бері іздестіріліп жатқан танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы әлі табылмады. Із-түссіз кеткен жігітті соңғы рет 16 шілде таңғы сағат 7-де әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қилысына таксимен келген. Достарының айтуынша, ол таңға жуық банкоматтан ақша шешіп алу үшін көліктен түскен. Сол сәттен бастап Сафар Шәкеевті ешкім көрмеген. Кейбір ақпараттарға қарағанда, ол Есентай өзенінің жағалауында камераға түсіп қалған.

Виктория Момынбаева, отбасының досы:

Сафар бейнебақылауға соңғы рет сағат 7.42-де әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысқан жерінде түсіп қалған. Біз осы маңнан сол күні өткен адамдардан ақпарат күтеміз. Мүмкін, біреудің бейнетіркеуішіне түсіп қалған болар деп үміттенеміз. Ол үстіне қызғылт футболка мен көк түсті джинсы киген. Біз полициядан бөлек еріктілердің де көмек қолын созуын қалаймыз.

Қазір Алматы полициясы Сафар Шәккевті іздеуге 50-ден астам жеке құрам қызметкерлерін бөлген. Ал ондаған ерікті өз күшімен іздеу жұмыстарына жұмылған. Бүгін жергілікті полиция іздестіру шараларына тікұшақ қатыстырды. Ал жоғалған Сафар Шәкеев туралы ақпарат берген жанға отбасы мүшелері 10 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.

Ислам Угушев, ерікті:

Іздестіріп жатқан аумақтың көлемі үлкен. Шамамен 16 шақырымды құрайтың шеңберге күш жұмылдырылды. Сейфуллин мен әл-Фараби даңғылнан бастап Трамплин спорт кешеніне дейінгі жерлерді сүзіп шықтық.