Тоқтар Әубәкіров Президентті жеті жылға сайлауға қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2022

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Президентті жеті жылдық мерзімге сайлау туралы бастаманы дұрыс деп санайды.  Бұл ел болашағы үшін маңызды екенін айтады.  7 жыл  қандай да бір реформаны бастап,оны түпкілікті аяқтауға жететін уақыт деп қарау керек дейді.

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Жеті жылдық мерзімді қолдаймын. Оның үстіне, Қазақстанда біз Конституцияны Заңның тармағы ретінде заңдастырамыз, ол бойынша президенттікке бір рет сайланады. Енді ол бұл қызметке сайланбайды.

Халық қаһарманы сондай-ақ, Мемлекет басшысының  батыл қадамдары мен бастамаларын қолдайтынын жеткізді.   Айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде де  Президенттің ұтымды шешімі халықты  қиындықтан алып шыққан.

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:


Құрметті отандастар, мұндай жауапты, қиын-қыстау күндерде бар қайратын бір жұдырыққа жинап, ешқайда қашпай, бізді қиындықта қалдырмай, қорған болған азаматқа алғыс айтуымыз керек.

А. Серік