Еліміздегі көпқабатты үйлердің 90 пайызға жуығы басқарудың жаңа нысаны -мүлік иелерінің бірлестігіне көшті. Осыған сәйкес, Заңға 97 өзгеріс енгізілуде. Өзгерістер жоспары заңнамалық, ақпараттық деңгейде жүргізіліп жатыр. Алайда, қаржыландыру мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. МИБ-ке өтуге кедергі келтіріп отырған жайттарды «AMANAT» Партиялық бақылау комитеті анықтады. Үйді басқарудың жаңа түріне көшуді толық аяқтау мерзімі бірнеше рет өзгерген. Оның бірнеше себебі болды. Енді жедел әрекет ету уақыты жетті.
Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Тапсырма берілгеніне 2 жыл болды. Осы уақыт ішінде текетірес пен қақтығыстардан басқа ілгерілеушілік жоқтығын айта кету керек. Индустрия министрлігіне қарама-қайшылықтарды толығымен жою үшін нормативтік актілерге ревизия жүргізуді ұсыну қажет. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру «AMANAT» партиясының ерекше бақылауында болады.
А. Серік