Бүгінде өкілетті институттарды қалыптастырудың жаңа болмысы пайда болды. Бұл ел ішінде атқарылып жатқан реформалардың жемісі. Саясаттанушы, мәжілісмен Ерлан Саиров осылай дейді. Үш жылдан бері "Әділетті Қазақстан" құру жолында ел ішінде тың бастамалар қолға алынды. Әртүрлі бағыттардағы прогрес мемлекеттік саясаттың тұтастығының дәлелі болып отыр. Үш жылда не өзгерді? Тілміздің бейнематериалында.
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін үнемі басты назарға алады. Әсіресе жинақтаушы зейнетақы қорының белгілі бір бөлігін пайдалануға рұқсат етті. Оның шапағатын 700 мың салымшы көрді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Менің тапсырмам аясында тұрғындардың зейнетақы жинақтарының белгілі бір бөлігін пайдалана алу мәселесі қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саяси партиялардың Мәжіліске өтуіне жеңілдіктер жасау туралы бастама көтерді. Яғни олардың Парламенттің төменгі палатасына өту межесі 7 пайызда, 5 пайызға төмендетуді ұсынды.
Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Егер естеріңізде болатын болса, осыдан 3 жыл бұрын партияны құру үшін 40 мың адамның өолы керек болатын. Енді бүгінгі таңда мына өзгерістен кейін партияны құру үшін 5 мың адамның ғана қолы керек және аймақтарда ашылған филиалы болу керек деген бап алынып тасталынды. Биыл конституциялық реформа болды, конституциялық реформаға байланысты Президент өзінің құзыретін Парламент оның ішінде Мәжіліске берді. Өкілетті институттарды қалыптастырудың жаңа болмысы пайда болды.
Бұдан бөлек, ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлауына мүмкіндік беру туралы ұсыныс жасады. Жалпы әкімдер әлеуметтік желіде халықпен байланыс орнатып, санассын деді. Мемлекет басшысы тағы бір Жолдауында макро және шағын бизнес өкілдерін табыс салығын төлеуден үш жылға босатылып, тексеріс жүргізуге мораторий жариялаған болатын.
Аман МӘМБЕТАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған сәттен бастап, Жаңа Қазақстанды құру басты мақсаты болатынын, ауқымды реформалар ұсынатынын бірден айтылды. Реформалардың бағыттарын нақтылап берген еді. Яғни, бұл әлеуметтік экономика, ол ең алдымен байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған. Бірінші кезекте экономиканы әртараптандыру және оның ұлттық әлеуетін дамыту тұр. Сондай-ақ, саяси реформалардың векторы берілді, оның басты мақсаты-суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттікке ауысу моделін құру қажет болды.
Мемлекет басшысы осы үш жылда білім саласына да жіті назар аударды. 2021 жылы бакалавр, магистрант пен докторанттардың стипендиясының мөлшерін арттырды. Тиімсіз Жоғарғы оқу орындары қысқартылды. Ғылым, Мәдениет, бизнес, медиа салаларына қатысты жастарға 3 млн теңге көлемінде гранттар тағайындады. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін заң күшейтілді. Ең төменгі жалағы өсті, әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекетілді.
Ә. Дүкембаева