Ақмола облысы Жарқайың ауданында 80 пәтерлік тұрғын үй кешені жаңғыртылып жатыр. Бір кездері бұл көпқабатты үй қараусыз қалған болатын. Енді олар қайта қалыпқа келтіріліп, баспана кезегіндегі тұрғындарға беріледі. Шалғайдағы мекенге барып келген тілшіміз Бекболат Сатуовтың бейнематериалы.
Өңірде биыл көп қабатты үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары қарқын алған. Соның бірі осы -80 пәтерлік тұрғын үй кешені. Биыл үйдің сырты мен есік-терезелерін жаңарту жоспарланған. Ал келер жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Сонан кейін мұнда тұрғын үй кезегіндегі азаматтар қоныстанады дейді,-жауаптылар.
Бауыржан ЖАМАЛИЕВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:
Бізде қазіргі таңда ауданымызда 376 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Соған байланысты мемлекет тарапынан биыл 54 млн бөлінді жобаның басталуына. Келесі жылы 396 млн келесі жылға бөлінеді. Осы 80 пәтерге көп балалы аналар, асыраушысынан айрылғандар солар келеді.
Сонымен қатар ауданда тағы бір тұрғын үй кешені жаңғыртылып жатыр. Онда жарамсыз жағдайдағы 27 пәтер күрделі жөндеуден өтіп, үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол қазан айының соңында аяқталады дейді мердігер компания өкілі.
Болат МҰҚАШОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
Шатыр және терезелер, сыртқы есіктер және электр жүйелері, су құбырларын тарту жоспарда бар. Қазіргі уақытта біздің жоспарлаған жұмысымыздың 40 пайызы бітті.
Сондай-ақ қазір Державинск қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Оған мемлекет тарапынан 1 млрд.516 млн. теңге қаржы жұмсалмақ. Жабдықтау шаруалары 2023 жылы бітеді деп көзделген. Аудан басшылығының ақпаратынша, алдағы уақытта мұнан өзге әлі талай игілікті іс атқарылмақ.
Б. Сатуов