Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық тұрғын банктің ақшасын жымқырған

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2022
  • 1227

Адамнан айла артылған ба? Түркістан облысының тұрғыны екінші деңгейлі банктердің  біріне 20 млн теңге шығын келтірген. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, күдікті банк қосымшасы арқылы тауар сату-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион теңге қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмастан, ақшаны  өз қажетіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы