Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2022
  • 2170

Түркияның Изник қаласында төртінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды. Дүбірлі доданың бірінші күні көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен ойсырата жеңді. Көшпенділер ойыны 2014 жылдан бері Қырғыз елінде өтіп келген. Биыл тұңғыш рет Түркияда ұйымдастырылды. Сайыс 4 күнге созылады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстан құрама командасымен кездесті. Оларға мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп,  сәттілік тіледі.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент тапсырмасымен арнайы келдім. Сіздерге біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы үлкен сәлемін жолдады. Және де жеңіс тілеп отыр. Дүниежүзілік осындай бір көшпенділер ойынына қатысу деген үлкен шынында да мәртебе ғой. Сондықтан осы үлкен жолда барлығыңызға тағы да жеңіс тілеймін.

Көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы бақ сынайды. Олар көкпар, көк бөрі, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату бойынша сынға түседі.

Б. Сатуов