Бүгін Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдап, Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. Кездесу барысында Үкімет басшысы президентке ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жылдың қорытындысы бойынша экономиканы оң көрсеткішке жеткізу, төмендетпеу. Алдымыздағы келе жатқан орақ, астық жинау мәселесіне көңіл бөлу. Қысқа дайындық өз алдына. Алдымызда тұрған ЭКСПО-ға дайындалу. Содан кейін ауыл шаруашылығы жөнінен Жер туралы заңның жұмыс істеп жатқан комиссияның жұмысын аяғына дейін бітіріп, компромистік мәселеге келіп, ол мәселені аяқтау керек.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
Тиісті министр, әкімдермен жұмыстар жүріп жатыр. Сіздің тапсырмаңыз бойынша мен аймақтарды аралап жүрмін. Кездесулердің соңында Үкімет отырысында сіз қойған сұрақтар, тапсырмалар бойынша есеп дайындаймыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ