Германия полициясының мәліметінше, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ауғанстандағы теракт кезінде де ел азаматтары болмағанын мәлімдеді. Ондағы арнайы операция кезінде 53 ланкестің көзі жойылып, тағы 14-і жараланған. Бұл туралы батыс басылымдары хабарлады.
Арнайы операцияға әуе күштері қолдау көрсетіпті. Сонымен бірге үкімет әскері радикалдар жасырынған 9 бекініс пен бір қару-жарақ қоймасын талқандаған. Билік тарапынан қаза болған сарбаздар бар. Қазір елде 10 күнге адамдардың шоғырланып, топтастып жиналуына тыйым салынған.
Еске салсақ, сенбі күні Кабулда 3 жанкешті жарылыс жасауға оқталып, кесірінен 80 адам ажал құшып, 230-ға жуығы жарақат алды. Бомбаның біреуі жарылмай қалса, екіншісі жанкештінің оққа ұшуынан іске қосылмаған. Терактты "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы мойынына алды.