Алматы маңында 21 адамның өмірін қиған ұшақ апатына кінәлі деп айыпталған «СКАТ» әуе компаниясының ұшу қызметінің директоры Вячеслав Артеменко 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Бүгін Алмалы аудандық соты осындай үкім шығарды. Қаулыға сай ол жазасын түрмеде емес, қоныс колониясында өтейді. Айыпты сондай-ақ авиация саласында 2 жыл жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Нариман Бегалиев, Алмалы аудандық сотының судьясы:
Сот Вячеслав Артеменконы ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабының 3 тармағы бойынша айыпты деп танып, 5 жылға жаза кесіп, жазасын қоныс колониясында өтеу туралы үкім шығарды. Сот залынан қамауға алынсын.
Сондай-ақ Алмалы аудандық соты «Скат» әуе компаниясын жәбірленуші тарап Еркін Құсайынов пен Сәуле Ескендіроваға келтірілген 2 миллион теңге моральдық шығынды өтеуді міндеттеді. Естеріңізге салайық, 2013 жылдың 29 қаңтарында «СКАТ» әуе компаниясының «Көкшетау-Астана» рейсін орындаған «CRJ-200» ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған болатын. 21 адам, оның ішінде 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі, қаза тапқан еді. «СКАТ» әуе компаниясының ұшу қызметінің директоры Вячеслав Артеменко «ауа райының қолайсыздығына қарамастан, экипаж мүшелеріне ұшуға рұқсат берді» деп айыпталған болатын.
Айгүл ЕРМАХАН