ШҚО-да көлігін сатпақ болған азамат алаяққа тап болды

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023

Ұлан ауданының 19 жастағы тұрғыны Өскемен қаласы ПБ Үлбі кезекші бөліміне хабарласып, алаяқтық фактісі туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам Тихая көшесінде жүргенде сатып алу сылтауымен оның ВАЗ-2114 автокөлігін алдап иемденіп, осылайша 2 млн теңге көлемінде залал келтірген. Polisia.kz дерегінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері жауап алу барысында мойындау көрсетпесін берген облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.