Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жалған «министрлік комиссиясы» ұсталды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2016
  • 1648

Қарағанды облысында жалған «министрлік комиссиясы» ұсталды. Өздерін «білім және ғылым министрлігінен келген комиссиямыз» деп таныстырып, ауыл мектептерінен ақша бопсалаған үш адам бірнеше күнде 10 шақты мектепті аралап шыққан. Арам пиғылдыларды Ақбастау ауылының директоры ұстап берді. Ол полицейлерге хабарласып, белгісіз 3 адамның мектептен олқылық табамыз деп қорқытып, 100 мың теңге ақша бопсалағанын айтқан. Көп ұзамай 54 жастағы әйел екі сыбайласымен қолға түсті. Айғақ ретінде жалған «комиссияның» күнделігі табылған. 


Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында такси жүргізушісі, іс жүргізуші ретінде 1 қыз баланы жалдап, Ақбастау ауылы мектебін тексеріп, мектеп директорынан 100 мың теңге бопсалағанын мойындау көрсетпе белгілерін берген, бұрын сотты болған 54 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факт бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Айжан ҚУАШ