Келер жылы өтетін 28-ші Қысқы универсиадаға дайындық кестеге сай жүріп жатыр. Бүгін президент қабылдауында болған Алматы әкімі Бауыржан Байбек осылай деді. 57 ел универсиадаға қатысуға ниет білдірген. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Елбасының тапсырмасы бойынша салынған Алматы халық арена нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Атлетикалық аула дайын болды. Қазіргі таңда біз ашылу рәсімін дайындап, қажетті қауіпсіздік мәселелерін шешіп жатырмыз.