Өзбекстанда президент сайлауына алдын ала дауыс беру басталды. Заң бойынша бұл науқан сайлау белгіленген күннен он күн бұрын басталып, бір күн қалғанда аяқталады. Яғни 24 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Интерфакс.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша 9381 сайлау учаскісі құрылған. Негізгі шараға 21 жарым миллиондай адам ат салысады деп жоспарланған. Кандидаттар тізімінде премьер-министр Шавкат Мирзиеев, "Миллий Тикланиш" партиясынан Сарвар Отамуратов, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы атынан Хатамжон Кетмонов және "Адолат" партиясынан Нариман Умаров бар.
Саламат ОМАШ