Астананың Жастар театрында - жаңа қойылым. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушы драматург Әбіш Кекілбаевтың "Нартәуекел" драмасының премьерасы өтті. Елордалық өнерсүйер қауымға бұл қойылым 2 күн қатарынан ұсынылды. Туындыны тамашалауға келушілердің қарасы қалың. Халықтық дастанды сахналаған режиссер - Нұрқанат Жақыпбай. Шығармамен жұмыс істеу күрделі болды. Себебі бұл қатардағы қойылым емес, қаһармандыққа арналған ерекше туынды, - дейді режиссер.
Нұрқанат Жақыпбай, режиссер, Жастар театрының көркемдік жетекшісі:
Астарлы, көпмағыналы сөздер көп және ақ өлеңмен жазылған. Жастар театры болғандықтан, басқа елге еліктемей өзіміздің жастарға арнап солардың тілінде сөйлетуге тырыстық.
Шыңғыс Жақыпбай, Жастар театрының актері:
Абылай ханды ойнау деген маған өз басыма өте қиын. Өйткені сондай режиссердің сенімі. Соны ақтап шығу деген басымда ой болды.
Айбек ҚОСАН