Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы зілзаладан 95 сағат өткеннен кейін 7 жасар қыз құтқарылды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2023
  • 11526

Хатайда зілзаладан 95 сағат өткеннен кейін көп пәтерлі үйдің қалдықтарының астынан 7 жасар Ася Донмез құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқару бригадасы Хатай провинциясы генерал Шюкрю Канатлы ауданындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Үйіндінің астында тірі адамның бар екенін анықтаған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қызды аман алып шықты.

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жіберілді.