Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде үш күн қатарынан демалады. Бұл туралы электронды үкімет порталында көрсетілген. Мұсылмандар үшін ұлық мереке қыркүйектің 12-сінен басталып, үш күнге созылады. Бірақ дүйсенбі ғана демалыс болып бекітілген. Осылайша, халық, сенбі, жексенбіні қоса есептегенде, үш күн қатарынан демалады. Бұл күні жағдайы жеткен мұсылмандар құрбандыққа мал шалып, бір-бірлеріне айттайды.