Ауа райына байланысты Жамбыл және Түркістан облысында жол жабылды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2023

12 ақпан сағат 11:40 ақпарат бойынша 2 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты екі жол учаскесі жабық.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы және Түркістан облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектеулі.