Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан мен Жамбыл облыстары аралығындағы жол бөлігі жабылды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 1044

Түркістан және Жамбыл облыстарының аралығын жалғап тұрған жол учаскесіндегі қозғалыс шектелді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлағандай, жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылған.

«Алматы – Ташкент –Термез тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.

Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасқан жол бойында көліктің барлық түріне жүруге рұқсат жоқ.

Республикалық тасжолдарды күтіп ұстау жұмысына 540 арнайы техника мен 1050 қызметкер жұмылдырылды.