Русский Сайттың толық нұсқасы

Терминалды ұрлап кеткен күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2023
  • 978

Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу төлем қабылдайтын кассада жатқан «Kaspi Pay» терминалын білдіртпей алып кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Жүргізілген жедел-іздеу іс-шаралары барысында 1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Тексеру барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. 

Терминалды қолды қылған күдікті оны 3 мың теңгеге сатып жіберген. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.