Президент Қытайдың Ханчжоу қаласына барды, онда G 20 –ң САММИТ-і өтеді, соған шақыру алған.
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
G20 –ға кіретін елдердың жалпы ішкі өнімі әлемдік жалпы өнімнің 75 пайызын құрайды.Бұл өте маңызды шара. Қазақстан басшысын шақырған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин. Бірнеше себебі бар – біріншіден, біз Қытайдың көршісіміз. Екіншіден, естеріңізде болса, қытай басшысы «Жібек жолы» экономикалық белдеуі туралы бағдарламасын тұңғыш Қазақстанда айтты. Бұл алып инфрақұрылымдық жобаға Қытай қомақты қаржы ресурстарын құйып жатыр. Жоба аясында Қазақстан транспорттық– логистикалық жағынан маңызды роль атқарады. Сондықтан шақыру, Қытай үшін Қазақстанның маңызды серіктес екенін көрсетеді...
Жалпы мұндай САММИТ-ң бір ерекшелігі – мемлекет басшылары бір-бірінің пікірлерін тыңдайды. Анализ жасауға бір-біріне азық береді. Тіпті бетпе-бет кездесу ұйымдастырылса, келіспейтін мәселелерін баяндайды. Айтпақшы осы САММИТ аясында Барак Обама мен Владимир Путин кездесуі мүмкін.
Сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев әрине, Си Цзиньпинмен кездесті. Онда "Нұрлы жол" мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бағдарламаларын түйістіру жөніндегі ынтымақтастық жоспары, Қазақстаннан Қытайға экспортталатын жылқыға қойылатын карантин талаптары туралы хаттамаға және Қазақстаннан Қытайға шығарылатын соя дақылына қойылатын фитосанитарлық талаптар жайлы хаттамаға қол қойылған.