Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның оңтүстігінде 4,4 балдық жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2023
  • 936

Эпицентрі Антакья қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан, онда шамамен 210 мың адам тұрады, деп хабарлайды Астана телеарнасы ТАСС-қа сілтеме жасап.

4,4 баллдық жер сілкінісі жексенбіде Түркияның оңтүстік бөлігінде Сириямен шекарада тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Эпицентрі Антакья қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан, онда шамамен 210 мың адам тұрады. Ошағы 2 км тереңдікте жатыр.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарланған жоқ.