Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2023
  • 912

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулауға күдікті Петропавлдың үш тұрғынын ұстады,-деп хабарлайды Zakon.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарамағына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың болуы туралы ақпарат түсті.

27 ақпанда таңертең Челябинск — Новосибирск тас жолының 525 шақырымын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ – 2115 автокөлігін тоқтатты.

Салонда 29 және 30 жастағы тағы екі Петропавл қаласының тұрғындары болған. Автокөліктің жүксалғышынан қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ ТОЗ екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

Жандос Басыбаев, СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы:

Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұшасы мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.