Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддерде жылу электр орталығында тағы апат болды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2023
  • 1159

Бүгін Риддер қаласында №1 және №2 қазандық апатты жағдайға өшірілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Altaynews-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай бүгін сағат 3.45 шамасында болған.

«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған, ал №1 қазандық қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.