Синоптиктер 2 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2023

Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы Атлант циклонының ықпалымен анықталады. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанды. Солтүстікте, шығыста, орталықта жел соғады, қар жауады.

Синоптиктердің хабарлауынша, жоғары қысым ықпалында Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар жел күшейеді, батыста, оңтүстік-шығыста, республика орталығында тұман басады деп болжанды