Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда әскери оқу орнының курсанты көз жұмды

  • 03 наурыз 2023
  • 1441

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты көз жұмды. Бірінші курста оқитан курсанттың денесі оқу орталығының қарауылдық постында табылған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.

Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР Қылмыстық Процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы курсанттың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.