Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2023
  • 1189

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді.

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.