Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2023
  • 1012

ШҚО-да қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13.00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені-3 м, биіктігі – 1 м.

«Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.