Жыл соңына дейін Қазақстан Қытайға 30 мың тонна соя бұршағын экспорттайды. Екі ел арасында фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылуы нәтижесінде осындай мүмкіндік туып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
Сонымен қатар Қытайға жылқы етін экспорттау жайына қатысты да құжаттар бар. Айта кетейік, бүгінде Қытайға 120 миллион доллардың өнімі шығарылады. Жылқы еті мен басқа да дәнді-дақылдар қосылған соң, бұл сома 3 есеге артады, - дейді министрліктегілер.
Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2014-2015 жылдары Қытайға шығарылған бидайдың көлемі 110 мың тонна болатын. Ал соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 414 мың тоннаны құрады. Демек бидай экспорты 4 есеге артты деген сөз. Жалпы көрсеткіштер әлі де өседі деген сенімдеміз.