Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдеді. Бүгін елде сайлау кампаниясы өз жұмысын бастады. Күні кеше Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған.
Еске салайық, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов 2 қыркүйек күні ауыр науқастан көз жұмды.
А. ҚОСАНОВ