Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-министр ауысты. «Нұрлы жер» деген жаңа бағдарлама әзірленбек

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2016
  • 1864

Үкіметтің отставкасы дәлірегі, премьер-министрдің алынатыны туралы әңгімелер К.Мәсімовтің соңғы айларда әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарындағы кенеттен белең алған белсенділігінен кейін көбейген. Бірақ ҰҚК-не төраға болатыны... Жұмада Президент «Үкіметтегі өзгерістерді көріп отырсыздар, бұның өз логикасы бар. Біріншіден қауіпсіздікті арттыру қажеттігі туды, екіншіден, Кәрім Мәсімовтің тәжірибесі мен республика жағдайын білетінін ескере отырып, оның келісімімен осы жауапты салаға тағайындалды»,- деді.

Ал жаңа Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Үкімет басшысының бірінші орынбасары болған, оның алдында облыс әкімі, министр, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Енді оның - премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин, «Қазақстан темір жолы» ҰК президенті болған. 

Жұмадағы кеңейтілген жиыннан мынадай мәліметтер: Мемлекет Басшысы «Нұрлы жер» деген жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырды – тұрғын үй бағдарламасын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Сразу хочу сказать: бесплатный сыр только в мышеловке! Люди должны понять - бесплатных денег нет, бесплатных кредитов нет. На квартиру могут рассчитывать только те, кто работает, зарабатывает и ежемесячно могут платить.

Цитата: Бізде ипотека бар, сосын тұрғын-үй жинақтау жүйесі бар. Осы екі қаржы институтын тоқайластыру керек. Жәйдан- жәй үй салына салмайды. Үй салатын жекеменшік компанияларды екпіндете қолдау қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Нужно сконцентрировать свои ресурсы на подготовке инженерной социальной инфраструктуры, снижая затраты частных застройщиков при строительстве жилья. Пусть скажут спасибо, что 30% строительства жилья мы берем на себя. Это позволит привлекать больше частных инвестиций, сокращая долю финансирования из бюджета, и человек получит свой дом.

Другим компонентом программы должно стать продолжение строительства кредитного жилья через систему жилстройсбережений. При этом строительство кредитного жилья нужно переводить на внебюджетное финансирование, а из бюджета оказывать поддержку только в виде субсидирования для удешевления стоимости кредитов - заемных средств.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, несиелік белсенділікті қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетудің мүмкіндіктері қарастырылатынын  айтады:

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Необходимо рассмотреть возможность восстановления системы секьюритизации ипотечных кредитов. Необходимо снова создать компанию, которая будет выпускать ипотечные облигации и выкупать пулы ипотечных кредитов у банков. Нацбанк включит такие облигации в ломбардный список и предложит меры, обеспечивающие высокий спрос на такие инструменты. Банки получат ликвидность за счет продажи ипотечных кредитов, что станет необходимым толчком для восстановления ипотечного кредитования.

Данияр Ақышев тұрғындарға доллар емес, алтын сатып алуға кеңес береді. Алтын, күміс монеталармен қатар, алтын құймасын. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, мұндай нарықтың өтімділігін қамтамасыз етеді – адамдардың алтынды кез-келген уақытта сатып алуы немесе сатуы үшін,- дейді.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жылдың соңына дейін Азия даму банкінен 68, Еуропа инвестициялық банкінен 88,4 жиыны 156,4 миллиард теңге несие алатындарын хабарлады. Президенттің өзі Дүниежүзілік банк, Еуропа даму банкі, Азия даму банкі, Ислам банкі алдағы 5 жылда Қазақстанға 7 млрд доллар кредит беруді жоспарлағанын айтты.

Мемлекет Басшысы халық тығыз орналасқан аймақтардың әсіресе жастарына еліміздің солтүстігінде білім беріп, олардың сол өңірлерде тұрақтауын «аса маңызды иедологиялық және экономикалық іс» деп, серпін беруге шақырды. Бұл енді «өте дұрыс» дейтін шаруа.