Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын өткізді. Үкімет басшысы министрлер кабинеті құрамының айтарлықтай өзгермегенін атап өтті. Бұл Елбасының бізге деген сенімі деп бағалады.
Бақытжан Сағынтаев жиында сондай-ақ жаңадан тағайындалған ведомство басшыларын таныстырды. Жиын барысында Үкімет басшысы бизнесті қолдауды одан әрі жетілдіру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдану тетіктерін енгізу бойынша министрлерге бірқатар тапсырмалар берді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ