Таразда көшеден табылған баланың анасы іздестіріліп жатыр. Тілі толық шықпаған сәби өзінің есімі Әлихан, ал анасының аты Алтынай екенін айтқан. Қазір ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.
Мамандар баланың психологиясы бұзылмаған, дені сау деп отыр. Облыстық прокуратура өкілдері баланың ата-анасы табылса, оны тастап кеткені үшін жауапкершілікке тартылатынын айтады. Ал кездейсоқ көз жазып қалған болса, анасына қайтарылатынын да жеткізді. Құзырлы органның дерегінше, аймақта бала жоғалу дерегі тіркелмеген. Бір айға дейін Әлихан орталықта болады, оған дейін ата-анасы табылмаса, жетімдер үйіне өткізіледі.
Тоғжан Жұманқызы, Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры:
Бүгін міне жетінші күн, ешкім іздеп келген жоқ баланы. Баланың дамуында ешқандай кемістік жоқ. Үш жас шамасындағы бала. Анамның есімі Алтынай дейді. Әкем жоқ дейді. Осы Алматы қаласынан Таразға апамыздың үйіне келгенбіз. Анам мені апамның үйіне тастап кетті дейді. Сөздік қоры өте аз.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ