Русский Сайттың толық нұсқасы

Министрлер кабинеті жасақталды...

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2016
  • 3241

Министрлер Кабинеті жасақталды. Бір жағынан қарағанда жаңалық «жоқ» сияқты: көбісі орнында қалды. Бірақ «өзгерістер» бар: Біріншіден соңғы жылдары азаматтық тұлғалар басқарып келген Қорғаныс министрлігіне әскери адам отырды. Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетовтің орнына оның бірінші орынбасары болған, Бас штабты басқарған Сәкен Жасұзақов барды.

1957 жылғы жаңа министр 1981-83 жылдар аралығында Ауғаныстанда соғысқан, 1993-94 жылдары Тәжікстанда бітімгерлік миссиясын атқарған. 

Оны тағайындағанда Президент «қазір министрлікті әскери адам басқаруы керек деп есептеймін» деген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Надо продолжать укреплять работу по совершенствованию воинской дисциплины социальное обеспечение военнослужащих и самое главное поддержание высокой боеготовности. И продолжать работу по оснащению современными вооружениями нашей военной техники. Я уверен, что настала пора серьезно этим заняться.

Тенгриньюс порталы дайындаған мына фоторепортажда оның үкімет жиналысы өтетін залға бір минут та кешікпей жеткенін жазған. Бірақ жиналыс белгіленген уақытында басталмай, Қорғаныс министрі өзін біртүрлі сезінгендей тосырқап тұрды,- деп жазды, портал тілшілері...

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып кеткен Берік Имашевтың орнына Әділет министрі болған Марат Бекетаев мынау. Ол Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен келген. Ал алдында Әділет министрінің орынбасары, сол министрлікте жауапты хатшы болған. Бекетаевқа байланысты Президент «Лондон мектебін, экономика мен құқық жоғары мектебін  бітірген адам келді, Әділет министрлігі бізбен пікірталастыратын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізеді. Ондай жерде білетін адамдар отыруы керек»,- деген.

Бекетаевқа байланысты бір оқиғалар болғаны мәлім... Дін істері және азаматтық қоғам министрі, министрлік жаңадан құрылды, Нұрлан Ермекбаев. Президенттің көмекшісі, Қаупісіздік кеңесінің хатшысыболған. -Ол кеңес заманында барлау офицері, кейін жаңа заман туғанда бизнеспен айналысқан, сосын Кәрім Мәсімовпен жұмыс істеген, - деген ақпарат берген саясаттанушы Данияр Әшімбаев, «Тайм.кз» порталына. Сілтеме жасап отырған интервьюде саясаттанушы үкімет мүшелерінің ішінде ең жарқыны Иманғали Тасмағамбетов, деген. Оған артылған  жауапкершіліктің де өте ауқымды екенін ескертеді – әлеуметтік салалар. «Қалған министрлердің арасында бағытқа радикалды ықпал ететіндей тұлға  көрінбейді. Бұл үкімет техникалық үкімет емес, бірақ толық мағынасындағы саяси да үкімет емес... Көп нәрсе шикізат бағасына байланысты. Егер жақсы жағына өзгермесе, бұлар бәріне кінәлі болып, жақын арада көне үкіметке айналуы ғажап емес...Қазіргі сәтте үкімет өте қиын жағдайда тұр. Сондықтан президент командаға жаңа леп беруге шешім қабылдады... » Сұхбатта осындай байламдар бар. Вице-премьерліктен Сенат депутаты болып тағайындалған Дариға Назарбаева жұмада жоғары палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Бәріміз сізді мемлекет және қоғам қайраткері ретінде жақсы білеміз. Тағайындалуыңызбен құттықтаймыз. Жауапты қызметте мол табыстар тілейміз. 


Комитет төрайымы ретінде Дариға Назарбаева бірқатар шараларды қолға алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бірінші кезекте әскер қатарында келісім-шартпен қызмет ететіндер санын азайтқан жөн деп есептейді. "Есесіне, жедел әскери қызметкерлерді көбейту керек. Жастардың әскери борышын бұрынғыдай 2 жыл атқарғаны дұрыс", - дейді ол.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрайымы:

Көптеген жастар не оқуға түсе алмай, не жұмысқа орналаса алмай бос жүреді. Біз үкіметте бұл мәселені талай рет көтердік. Статистикаға жүгінсек, жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңдай жас осылайша әлеуметтік қиындық көреді. Егер сарбаздар санын арттыруды қолға алсақ, жұмыссыздар қатарын көбейтіп жүрген жастардың проблемасы шешілер еді.

Дариға Назарбаева қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарымен күрес жайына да тоқталды. Сенатор -ана ретінде педофилдердің өлім жазасына кесілуін қолдаймын, бірақ халықаралық нормаларға сай ол қадамға бара алмаймыз,- дейді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрайымы:

Мен ана ретінде өлім жазасын қолдаймын. Алайда біз әлемдік қауымдастықтан тыс өмір сүріп отырған жоқпыз, халықаралық нормалар бар. Сондықтан бұл қадамға бара алмаймыз. Медицина тілімен айтсақ, педофилдер - жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар жандар.

 Сонымен қатар биліктің мұра ретінде берілуі туралы журналистердің сауалына былай деді:

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрайымы:

Я себя рассматриваю как человека, верно и преданно служащего своей Родине и являющегося членом команды нашего президента. Поэтому, знаете, все эти гадания - это как вилами по воде, спекуляции, и не более.