Русский Сайттың толық нұсқасы

Ең төменгі жалақы 24 459 теңге. Сыртқы қарыздар ұлғайып барады

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2016
  • 2140

Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:


Ең төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге. 24 мың теңге деген не? Ең төменгі зейнетақы 28 мың дегенді түсінуге болады. Ата-анамызға көмектесеміз. Жалғызбасты қариялар тамақты аздау жейді,жастарға қарағанда. Ал 24 мың неге жетеді? Осындай мөлшерді бекіткен кезде неге сүйенесіздер?Көптеген жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін қызметшілеріне 70-100 мың теңге емес, ең төменгі жалақы мөлшерін қояды. Осы жалақыдан зейнетақы алымдары алынады. Ал жол ережесін бұзсаң, айыппұлы 20 мың теңге. Соны төлесе,қалған 4 мыңға қалай өмір сүреді?

Мәжілісте  2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет талқыланып басталған, сонда айтылған «әңгіменің» бірі. Мемлекеттік қарыз мөлшерін есептегенде, депутаттар сыртқы борыштың бірнеше есе артқанын естіп, жаға ұстады. Олар қарыз министрлердің есебінде көрсетілген сандардан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені статистикада көрсетілген қарыз мөлшерінде квазимемлекеттік сектор саналатын ұлттық компаниялардың борышы ескерілмеген.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

2008 жылы мемлекеттік кепілдендірілген қарыз 2,2 млрд болса, бүгінде 32 млдр АҚШ долларынан асты. Қарызға кеткен шығындар 8 есе өсіп, білім беру және медицина сынды салалардың шығындарынан асып кетті. Мемлекеттік қарыздың күрт артуы,бюджеттің тұрақтылығына қатты әсер етеді. Әсіресе Ұлттық қор қаражатын сақтап қалуда қауіпті.