Русский Сайттың толық нұсқасы

Біздің кино... «Сноуден» фильмі жарыққа шықты

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2016
  • 3013

 Мәдениет министрлігі шақыртқан Тимур Бекмамбетов қазақстандық киноның билеттерін арзандатуды, абонемент енгізуді ұсынған. Ұсынысқа қазақстандық продюсер Нұртас Адамбаев қарсы шықты: 100-200 теңге үнемдеп адамдар нашар киноға барады деп ойламаймын. Кино – бұл айнадай дүние. Фильм жақсы ма, барады, онша емес пе, бармайды. Ал абонемент туралы ұсыныс ауыр жылдарда азық-түлік алуға таратылған талондарды еске түсіреді,- деп жазды ол, әлеуметтік желідегі парақшасында. Біз осылай дауласып жатқанда прокатқа Оливер Стоунның «Сноуден» фильмі шықты.

-Антиамерикалық памфлет емес, өз елінің ерек ұлы туралы патриоттық блокбастер, дейді мамандар. Кейіпкер арнайы органда бағдарламашы бола жүріп «Отанының» бәрін, әрбіреуді бақылап отыратынын, әсіресе өзінің азаматтарын қатты қадағалайтынын ұғады. Олай өмір сүруге болмайды деп шешеді. 

Соңғы жылдары Оливер Стоун америка киносының тірі классигінен «қауіпті есалаңға» айналған-ды. «АҚШ –ң айтылмаған тарихы» деген деректі сериал түсіріп, туған елін «жауыздық империясы» дегенге келтірген еді. Сондықтан «Сноуден» фильмінің патриоттық болып шыққаны...  2 сағаттық кинода Америка өзінің конституциясынан таймайтыны, билік пен халық арасындағы өзара іс-қимыл демократия принциптерінен айнымайтыны бірнеше рет айтылған.

 «Очкарик» әлемді өзгерте алатын сияқты әсер қалады. Әрине, жақсы әсер. Бірақ өмірдегі Сноуденнің Ресейге тығылғанына 3 жыл. Әлем өзгерген жоқ...- деп идеалдарға сенетіндерді «жерге түсіреді», сыншылар...