100 келіден аса киік мүйізін сатып тұрған аралдық ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2023

ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынынан 100 келіден аса киік мүйізін тәркіледі.

Қызылордалық киік мүйіздерін сату үстінде ұсталған.

«Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабының 3-тармағы бойынша (жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен аса ірі көлемде залал келтіре отырып заңсыз айналысу,) қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - делінген Комитет хабарламасында.