Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы құрылады

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2016
  • 1802

Астанада құрылатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанның имиджіне жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев осылай деп мәлімдеді.

Бүгінде ұйымның жарғысына Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 23 мемлекет қол қойған. Вице-министрдің айтуынша, біздегі ұйым БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл-шаруашылық ведомствосының аналогы болмақ. Ол азық-түлік қауіпсіздігі мен биотеxнологияны тиімді дамытуды жүзеге асырады. Ислам ұйымына мүше елдермен тәжірибе алмасу, ортақ ауыл шаруашылығы принциптерін үйлестіру де жоспарда бар.

Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Ислам мемлекеттерінің ұйымында бөлек ерекше институт бар. Ол тек қана халал индустрия сұрақтарымен шұғылданады. Өзіміздің ұйымымызда, ойлап отырмыз, келешекте сол институтпен ынтымақтастық құрамыз деп.

Айта өтейік, осы айдың  28-і күні Астана қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің конференциясы өтеді. Оның шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас ассамблеясының құрылтайшы сессиясы өткізілмек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА