Ресей мемлекеттік думасына сайлауда "Единая Россия" көш бастады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, партия сайлаушылардың 54% дауысына ие болған. Мұны сайлау комиссиясы хаттамалардың 70 пайызын өңдегеннен кейін жария етті. Екінші орында КПРФ, кейін ЛДПР партиялары келеді. Екі партияның да қоржындарына 13%-дан аса үлестері бар. «Справедливая Россия» партиясы 6 пайыз дауыс жинаған. Өзгелері 5 пайыздық межені бағындыра алмады.
Айта өтейік, халықтың саяси науқанға қатысуы 48% құрады. Мемлекеттік думаға депутаттарды сайлау "аралас жүйе" бойнша жүзеге асып отыр. 225 депутат партиялық тізім бойынша, тағы 225-і бір мандатты сайлау округы бойынша сайланады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА