Шымкентте "Ордабасы" және "Ақтөбе" футбол клубтарының жанкүйерлері төбелес ұйымдастырған

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2023

Шымкентте "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері бір кафенің жанында "Ақтөбе" жанкүйерлерімен төбелесті. Полиция сол жерге барып, бүлік салғандарды ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбекші РУП-тың 102 пультіне Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына бірден полицияның патрульдік нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында орын алғаны анықталды.

Осы уақытта полиция бөліміне 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды", – деп мәлімдеді Шымкент қаласының ПД.

Қазақстан Премьер-Лигасының "Ордабасы" - "Ақтөбе" футбол матчы 9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.