Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы маңында жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2023
  • 784

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 17:02-де жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9.8

MPV магнитудасы – 4,6.

Тереңдігі - 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.