Емханаларда бала дәрігерлерінің қабылдауы қайта қолға алынатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында айтты.
Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
Біз қазір жергілікті билік органдарымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен балаларды қабылдайтын емханалардың бөліну мәселесін қарастырып жатырмыз. Осы бағыт қазір талқылану үстінде. Балаларды педиатрлардың жеке қабылдауы бойынша сұрақты жылдың соңына дейін шешеміз деп ойлаймын.